Қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмысын жүргізеді

Жарияланды (жаңартылды )
анпз
Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық жабдықтары тексеріледі / Фото: azh.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытында 2024 жылдың 1 қазанынан бастап жөндеу жұмысы басталады.

«Жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарланған», – деп хабарлады «Қазмұнайгаз» баспасөз қызметі.

Зауыт тоқтаған кезде реакторлық жабдықтың катализаторлары ауыстырылады. Жоспарлы алдын алу жұмыстарына 2 000-нан астам қызметкер, 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылмақ.

Компания зауыттың мұнай өнімдерінің жеткілікті қоры бар екенін мәлімдеді.

«Мұнай өнімдері ішкі нарыққа ҚР Энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай жөнелтілетін болады. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия зауыты және Шымкент МӨЗ-і мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады», – делінген ақпаратта.

4 кыркүйек күні Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) маңызды қондырғылардың бірі тоқтап қалды. Зауыттағы апатты жағдайдың алдын алу үшін бутенді олигомерлеу қондырғысының отын желісі алау жүйесіне қосылған. Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі осыған байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз