«Хезболла» ұйымы Ливандағы пейжерлердің жарылысына Израильді айыптады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Ливандағы жарылыстан 9 адам қаза тапты / Фото: shutterstock.com

«Хезболла» содырлары Ливандағы пейджерлерді Израиль жарды деп айыптап, кек алуға уәде берді. Reuters басылымының жазуынша, бұл жарылыстардан тоғыз адам қаза тауып, 3 мыңға жуық азамат жарақат алған.

«Ливанның ақпарат министрі Зиад Макари пейджерлерге (Ливандағы Хезболла ұйымының хабарлама жіберу үшін пайдаланатын портативті құрылғылары) тасталған бомбаларды «Израиль агрессиясы» деп атады. «Хезболла Израиль осы ісі үшін «әділ жазаға» ұшырайтынын мәлімдеді», – деп жазады басылым.

Хезболла бұған дейін мәлімдеме жасап, қаза тапқандар арасында топтың кем дегенде екі жауынгері мен бір жас қыз болғанын растады.

«Нью-Йорк Таймс» газеті өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Израильдің барлау қызметтері жарылғыш заттарды Ливанға әкелмес бұрын, тайвандық «Алтын Аполлон» пейджерлеріне жасырғанын хабарлады. Жарылғыш құрылғыны қашықтан іске қосылатын қосқышы бар батареяның жанына қойған.

17 қыркүйекте Ливанда «Хезболла» тобы мүшелерінің бір-бірімен хабар алмасатын пейджерлері мен рациялары жарылды. «Хезболла» тобы бұл жағдайға кибершабуыл жасады деп Израильді кінәлады. «Хезболла» мүшелері Израильдің арнайы қызметі тыңдайды деп смартфоннан бас тартып, байланыс үшін пейджерлерді пайдаланады.

Сондай-ақ оқыңыз