«Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады: Қазақстанның бірқатар өңірінде үсік жүреді
«Қазгидромет» Қазақстанның бірқатар облысында үсік жүретінін хабарлап, дауылды ескерту жариялады.
«18 қыркүйек түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігі мен батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», – делінген хабарламада.
Абай, ШҚО, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар Қостанай облыстары және Астана, Петропавл қаласында күн -2-3 градусқа дейін суытып, үсік жүреді.
Еліміздің батыс аймағында Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында жел соғып, төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысында да шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Түркістан облысында да жел соғып, төтенше өрт шығу қаупі бар.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстан өңірлерінде алдағы бірнеше күнде жел күшейіп, үсік жүретінін хабарлаған.