Қазақстандықтардың зейнетақысына екі жылда жүздеген миллионға арзандаған Ресей мемлекеттік қарызының акциялары алынған

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
БЖЗҚ қаржысына Ресей мемлекеттік қарызы акциялары алынған / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

2022 жылы Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы қаражатын Ресей Федерациясы Қаржы министрлігінің доллармен номинацияланған еурооблигацияларына 18,8 млрд теңгеге инвестициялады. Екі жыл ішінде қағаздардың құны 385 млн теңгеге төмендеді. Бұл туралы БЖЗҚ-ның 1 тамыздағы есебінде жазылған. 

«Бычий звоночек» Telegram-арнасының ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы Ұлттық Банк Ресейдің мемлекеттік облигацияларының бірнеше шығарылымын сатып алған.

Ақпанда сатылып алынған акцияларға 2,1 млрд теңгеден 6,1 млрд теңгеге дейін ақша жұмсалған. Сатып алу кезінде Fitch оларға ВВВ рейтингін берген. 2024 жылғы 1 тамызда бұл қағаздардың құны 20-35% төмендеген

Мамыр айында сатылып алынған акцияларға 603 млн және қосымша 642 млн теңге жұмсалған. Қазір олардың құны төрт еседен астамға – 2,6 және 2,7 млрд теңгеге дейін өскен.

Жалпы Ресейдің бағалы қағаздарына салынған инвестициялар ҚР ҰБ-ның салыстырмалы түрде аз салымдары. Салыстыру үшін айтар болсақ, АҚШ үкіметінің облигацияларына Ұлттық Банк 2,14 трлн теңге инвестициялаған. Бүгінде олардың құны 2,21 трлн теңгеге дейін өсті. 

Сондай-ақ оқыңыз