Шахмат олимпиадасының финалы: Қазақстан жеңіске үмітті

Жарияланды (жаңартылды )
фото ҚШФ

45-ші шахмат олимпиадасының (45th FIDE Chess Olympiad) соңғы турының алдында Қазақстанның әйелдер құрамасы үздік әйелдер командасына берілетін Вера Менчик кубогын жеңіп алуға үміттенді.

22 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 14.00-де олимпиаданың шешуші 11-туры басталды.

«Жанкүйер болам деген қазақстандықтар партияларды онлайн режимде lichess.org сайтынан тамашалауға болады, сонымен қатар партияларға ФИДЕ ютуб-арнасында сарапшылар тікелей эфирде түсініктеме береді», – деп хабарлады ҚШФ баспасөз қызметі.

11-турда 17 ұпай жинаған қазақстандықтар 16 ұпайы бар АҚШ құрамасымен кездесуде. Ал ерлер құрамасының (2513, № 41) соңғы турдағы қарсыласы Түркия командасы (2591, № 22) болмақ

Әйелдер құрамасы үшін (орташа рейтинг 2373) ең тартысты турлардың бірі – кешегі Грузия құрамасымен (2462) кездесуі болды. Айта кетелік, грузиндықтар өткен жылы командалық әлем чемпионатында алтын медальді жеңіп алса, біздің құрама күміс медаль еншіледі. Ал биылғы олимпиадада әйелдер құрамасы төрт тақтада да тең нәтижеге қол жеткізді. Турдың тағдырын алдыңғы 9-турдағыдай 17 жастағы Алуа Нұрман 4-тақтада шешті. Ол Белла Хотенашвилиге қарсы ойында қорғанысты берік ұстады.

Екі жыл бұрын Үндістанның Ченнай қаласында өткен олимпиадада соңғы турдың алдында турнир қожайындары 17 ұпаймен көш бастап, бір ұпайға Польша мен Әзірбайжан командалары, екі ұпайға Украина мен Грузия командалары артта қалған болатын.

Қорытынды тізім келесідей болды:

1. Украина

2. Грузия

3. Үндістан

4. АҚШ

5. Қазақстан

Биыл апалы-сіңлі Музычуктардың болмауына байланысты Украина құрамасы Вера Менчик кубогы мен алтын медальдар үшін сайыстан шығып қалса, АҚШ командасы (2387, № 7) құрамын сақтап, бізді артта қалдыруға тырысады. Демек, қазақстандықтардың соңғы турдағы міндеті – қалайда жеңіске жетіп, Үндістан құрамасының Әзірбайжанмен кездесуінде қарсыласына жол беретініне үміттену.

10 турдан кейінгі нәтиже:

  • Үндістан мен ҚАЗАҚСТАН – 17 командалық ұпай,
  • АҚШ және Польша – 16,
  • Испания, Армения, Грузия, Венгрия және Әзірбайжан – 15 ұпай.

Барлығы – 183 тіркелген команданың ішінде 169 команда. Салыстыру үшін: 2016 жылы Бакуде әйелдер құрамасы 37-орынды, 2018 жылы Батумиде – 11-орынды, 2022 жылы Ченнайде – 5-орынды иеленген.

Ерлер командаларының турнирінде жеңімпаздар алтын медальдармен бірге Гамильтон-Рассел кубогын алады. Соңғы турдың алдында артық екі ұпайы бар Үндістан құрамасы финалда Словения құрамасымен кездеседі.

Қазақстан ерлер құрамасы (2513, № 41) 10-турда мықты Хорватия құрамасын (2572, № 27) жеңіп, керемет нәтиже көрсетті. Матч нәтижесі 2½–1½ болып, тур барысында Әлішер Сүлейменов кезекті жеңісімен командаға тағы бір ұпай әкелді.

Ченнайде екі жыл бұрын қол жеткізілген ең үздік нәтижені – 17-орыннан алға жылжу үшін біздің жас құрамамыз соңғы турда Түркия командасын (2591, № 22) жеңуі қажет. Айта кетсек, қазіргі уақытта Түркия құрамасында ең тәжірибелі гроссмейстерлер емес, 15 жастағы Эдиз Гюрель (2602) 2-тақтада бірінші жүлдеге үміткер және 13 жасар Ягыз Каан Эрдоғмуш (2592) алдыңғы қатарда тұр.

11-тур:

  • Словения – Үндістан,
  • Қытай – АҚШ,
  • Өзбекстан – Франция,
  • Сербия – Украина,
  • Испания – Венгрия,
  • Армения – Иран.

10-турдан кейінгі нәтиже:

  • Үндістан – 19 командалық ұпай,
  • Қытай – 17, Словения – 16,
  • АҚШ, Өзбекстан, Украина, Сербия, Венгрия, Армения, Испания және Франция – 15, […] 21.
  • Қазақстан – 14 ұпай.

Барлығы – 197 тіркелген команданың ішінен 188 команда. Салыстыру үшін: 2016 жылы Бакуде ерлер құрамасы 28-орынды, 2018 жылы Батумиде – 21-орынды, 2022 жылы Ченнайде – 17-орынды иеленген.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Будапешт уақытымен сағат 20.00-де өтеді. Биыл олимпиадаға қатысушы командалар саны рекордтық деңгейге жетіп, әлемнің 188 құрамасы тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыз