ЕАЭС аясындағы электронды сауда көлемі 80 миллиард долларға жетті
Электронды сауданың дамуы ЕАЭО-да біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуына жағымды әсер етіп отыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден-тарифі және тарифсіз реттеу департаментінің директорының орынбасары Асқат Беков мәлімдеді.
«ЕАЭО елдеріндегі электронды сауданың жалпы көлемі 80 млрд долларға жетті. Ритейлдегі жалпы үлесі 13% болып отыр», – деді Асқат Беков.
Оның сөзіне қарағанда, маркетплейстер өсімді қамтамасыз етіп отыр. Мұның арқасында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі мыңдаған сатушылардан миллиондаған клиенттер тауар салып алып жатыр.
Арменияның астанасы Ереван қаласында 30 қыркүйек-1 қазан аралығында Еуразиялық экономикалық форум өтпек. Онда электронды сауда алаңдарын арнайы реттеудің тәуекелдері мен болашағы, шетелмен электронды сауда үшін әділетті талаптарды жасау, электронды сауда субъектілерінің мүддесін қорғау мәселелері талқыланбақ.
Мұның алдында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкіметтің электронды сауданы дамытуға басымдық беріп отырғанын мәлімдеген. Ортақ ойын ережесі қажет екенін айтқан болатын.