Еуропа орталық банкінің негізгі мөлшерлемені төмендетуі банк секторы табысының артуына әсер еткен

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Еуропа банктері табысының артуына не әсер етті / Фото: shutterstock

Еуропа Орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені кейінгі 5 жылда алғаш рет төмендеткенінің нәтижесінде Еуропа банктері рекордтық табыс тапқан. Бұл туралы реттеушінің деректеріне сілтеме жасай отырып Bloomberg жазады.

Eуропа Орталық банкі тікелей бақылайтын 110 қаржы ұйымы меншікті капиталының жиынтық кірісі екінші тоқсанда 10,11%-ға өскен. Бұл кейінгі 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл жайт пайыздық мөлшерлемелердің Еуропа елдеріндегі банктердің белсенділігі қалай артқанын байқатады.

Маусымда Еуропа орталық банкі 2019 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет негізгі мөлшерлемелерді төмендетті. Бұл шешім COVID-19 пандемиясы басталғаннан бергі инфляцияның өсуіне қарсы агрессивті науқанның ресми аяқталғанын білдірді. ЕОБ-ның ақша-несие саясатын жұмсартуы АҚШ-тағы жағдайдан айтарлықтай алға шықты.

Бас банк пайыздық мөлшерлемелерді 25 базистік тармаққа төмендеткен болатын. Базалық сыйақы мөлшерлемесі – 4,25%, несиенің шекті мөлшерлемесі – 4,50%, депозит мөлшерлемесі – 3,75% деп бекітілген.

Сондай-ақ оқыңыз