Жаңақорғанда 15 жастағы баланы ұрып өлтірген жасөспірімнің ісі сотқа жіберілді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
суд
Жаңақорғанда 15 жастағы баланы ұрып өлтірген жасөспірімнің ісі сотқа жіберілді / Фото: shutterstock

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Кеңес ауылында 15 жастағы баланы ұрып өлтірген жасөспірімнің ісі сотқа жіберілді. Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Письма президенту» телеграмм-арнасында жария болған ақпаратқа сүйенсек, Қызылорда облысының Кеңес ауылында жоғары сыныптың оқушысы 30 жасөспірімнің көзінше 15 жастағы баланы ұрып өлтірген.

Жергілікті тұрғындар мен оқушылардың айтуынша, жоғары сынып оқушылары төменгі сыныптағыларға тиісіп, оларға үнемі қысым көрсетіп отырған.

Оқиға орнында болған мектеп оқушыларының айтуынша, жоғары сынып оқушысы сағат 20:30 шамасында ұл балаларды жинап, бір оқушыны ұрған. Осы жағдайға қарап тұрған екінші оқушыны шақырып, оны да ұрып, соққыдан кейін оқушы қайтыс болған.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, аталған дерек бойынша 2024 жылдың 22 маусымында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы полиция бөлімі қылмыстық іс тіркеген. Тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданған. Полиция өзге ақпараттың тергеу құпиясына байланысты жарық көрмейтінін атап өтті.

Алматы қаласындағы екі мектеп оқушысы суицид жасаған соң, Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға арнап баланың интернеттегі қауіпсіздігіне қатысты нұсқаулық шығарған. Министрліктің нұсқаулығымен мына сілтемеден танысуға болады. 

Сондай-ақ оқыңыз