Тоқаев ҰҚК төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады
Жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Akorda хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Серікұлы Сарқұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазды Ақорда.
Еске сала кетейік, бғған дейін Мемлекет басшысы бірқатар ҰҚК лауазымды қызметкерлері арасында ауыс-түйіс жасаған еді.
Атап айтап болсақ, Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.
Ал Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.