Қазақстан экономикасы биыл бәсеңдеп, 2025 жылы қарқын алады – Азия даму банкі
Азия даму банкі (АДБ) Қазақстанның экономикалық өсіміне қатысты болжамын сәл нашарлатты. Банк Қазақстан экономикасы биыл 3,6% өсім көрсетеді деп болжайды. Бұған дейін АДБ елдің жалпы ішкі өнімі 3,8% өседі деген болжам жасаған.
Болжамның нашарлауына 2024 жылдың І жартыжылдығында қызмет көрсету саласының әлсіз өсім байқатуы, мұнай өндірісінің қысқаруы, елдегі су тасқыны мен инвестициялық белсенділіктің төмендеуі себеп болған.
Ұйым 6 айда Қазақстан бюджетіне мұнайдан түскен салық қысқарғанын жазады. Алайда жетпейтін қаржыны ел үкіметі Ұлттық қордан шығарылған қаражатпен жапты. Банк Ұлттық қордан бір жылда алынуы тисі қаржының төрттен үш бөлігі жарты жылда жұмсалып кеткеніне назар аударады. Қордан шыққан қомақты қаржы теңгенің нығаюына ықпал етті.
АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің директоры Утсав Кумар Қазақстан экономикасының даму келешегі жағымды болса да, салық саясатының түйкілдерін шешу керек деп тұжырымдайды.
Есесіне АДБ болжамы бойынша, 2025 жылы Қазақстан экономикасы қарқын алып, 5,1%-ды құрауы ықтимал.
2024 жылдың сегіз айында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,7%-ға өсті. Бұл 2023 жылғы 4,9% өсімнен біршама төмен. Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЖІӨ өсімін 6%-ға дейін жеткізу міндетін қойған болатын.