«Жедел жәрдем шақырғандардың бәріне медициналық көмек көрсетіледі»: Денсаулық сақтау министрлігі жаңа қаулыны түсіндірді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ДСМ жедел жәрдем қызметіне қатысты жаңа қаулыны түсіндірді / Фото: shutterstock.com

103 нөміріне қоңырау шалған бүкіл пациент шақырту санатына қарамастан, толық көлемде медициналық көмек алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева мәлімдеді.

Ресми өкілдің айтуынша, жедел жәрдем кешкі және түнде, демалыс күндері түскен шақыртулардың бәріне қызмет көрсетеді.

«Осылайша, азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір шақырту назардан тыс қалмайды және пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы одан әрі жақсарады», – деді ДСМ өкілі.

Сонымен қатар Оразалиева жеделдікті жақсарту үшін шұғыл шақыртуларға мобильді бригадалар тартылатынын айтып өтті.

Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем қызметіне қатысты жаңа қаулы әзірлеген. Соған сәйкес, енді жедел жәрдем бригадалары кейбір шақыртуларға тәулік бойы бармауы мүмкін екені белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, төртінші санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы мүмкін. Бұл санатқа науқастың өміріне аса қауіп төндірмейтін аурулар жатады.

Сондай-ақ жедел жәрдемнің шақыртуға бару уақытына да өзгеріс енгізу көзделген. Мобильді бригадалардың шақыртуларға келуі уақыты екі есеге, яғни 1 сағаттан 120 минутқа дейін ұзарады. Енді мамандар қоңырау түскен сәттен бастап 120 минут ішінде науқасқа баруға тиіс. Денсаулық сақтау министрлігі мұны медициналық мекемеге тіркелген пациенттердің үйге көп шақыртуға өтініш беретінімен түсіндіреді.

Сондай-ақ оқыңыз