«Құтқару қызметі»: Қазақстанда алғашқы вертикалды сериал шығады

Жарияланды 26 Қыркүйек 2024 17:31

(жаңартылды 26 Қыркүйек 2024 19:45)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстанда алғашқы вертикалды сериал шығады / Фото: 7-арна баспасөз қызметі

Қазақстанда «Құтқару қызметі» атты алғашқы вертикалды телехия көременге жол тартады. Бұл туралы жетінші арна хабарлады.

Жетінші арнаның мәліметінше, вертикалды қысқа сериалдар 1 қазаннан бастап көрермен назарына ұсынылады. Бұл формат 2-4 минуттық эпизодтардан тұрады және цифрлы платформалар, әсіресе, мобильді құрылғылар арқылы тамашалауға өте қолайлы.

Сериалдың сюжеті қандай?

«Құтқару қызметі» сериалында төрт құтқарушының өмірі баяндалады. Адам жанын сақтап қалудағы бұл мамандардың жанқиярлық әрекеті үлгі етіледі.

Баянның өмірі 16 жасында түбегейлі өзгереді. Бұған себеп – ата-анасының көлік апатынан қаза табуы. «Құтқару қызметі оқиға орнына уақытында келгенде, бәрі басқаша болар ма еді?!» деген ой Баянға маза бермейді. Осылайша, жас қыз құтқару қызметінде жұмыс істеуге бел буады. Оператор болып жүріп, күн сайын көмекке мұқтаж түрлі жанмен жолығады және кезінде өзі кешкен қайғы-мұңды өзгелер сезінбес үшін барын салады.

Сондай-ақ телехикая шынайы оқиғаларға негізделген. Онда Алматыдағы жер сілкінісі, Қазақстан аймақтарындағы су тасқыны кезіндегі оқиғалар көрініс тапқан. Сериал 30 қысқа бөлімнен тұрады. Телеарна күн сайын 2 бөлімнен ұсынуды жоспарлап отыр.

Вертикалды қысқа сериалдар шет елдерде, мысалы, Қытайда аса сұранысқа ие.  Бұл елде көрермендер мұндай жобаларды ақы төлеп сатып алады.

Сондай-ақ оқыңыз