20 пайыз акциясы миллардер Владимир Жұманбаевқа тиесілі компания биржадан 10 млн доллар тартады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«Беңқала» компаниясы қанша облигация шығарады Фото: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

«Беңқала» тау-кен компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (AIX) биржасында 10 млн долларға облигация орналастырмақ. Аталмыш компанияның 20 пайыз акциясы миллиардер Владимир Жұмабаевқа тиесілі болса, 70 пайызын Amros Group B.V. компаниясы арқылы Ресей азаматы Наталья Смирнова иелік етеді. Компания директорлар кеңесінің шешімі Қазақстан қор биржасында орналастырылған.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының AIX биржасында 10 млн АҚШ доллары сомасына корпоративтік облигация орналастырсын», – делінген хабарламада.

Компания жалпы 10 000 облигация орналастырмақ. Әр облигация құны 1000$. Директорлар кеңесінің шешімін жүзеге асыру бас директор Бекболат Ақжоловқа жүктелген.

Ақтөбе облысындағы «Беңқала» кен орнынан ашық тәсілмен темір кенін өндіріп, өңдейді. 2024 жылдың І жарты жылдығында 2,9 млрд теңге кіріс алған. Бұл 2023 жылдың 6 айындағы 4 млрд теңге кіріспен салыстырғанда 1,1 млрд теңгеге кем. Таза пайдасы 378 млн теңгені құраған.

Компанияның жалпы активі 2023 жылдың соңында 16,1 млрд теңгеге дейін жеткен. 2023 компания алған қарыз көлемі де артқан. «Беңқаланың» мойнындағы ұзақмерзімді несие көлемі – 2,5 млрд теңгені құрайды. Ал ағымдағы кредитінің көлемі 752 млм теңгеге тең.

2019 жылы құрылған компанияның қазір үш акционнері бар. 20 пайыз үлесіне Владимир Жұманбаев, 70 пайызына Amros Group B.V. компаниясы арқылы Ресей азаматы Наталья Смирнова иелік етеді. Ал 10 пайыз акциясы биыл тамызда Дәурен Оразаевтың меншігіне өткен. Ол сонымен қатар, 2023 жылы компания директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.

Сондай-ақ оқыңыз