Ресейлік «Питер Траст» инвестициялық компаниясы АХҚО-ға мүше болды
Ресейлік «Питер Траст» инвестициялық компаниясы АХҚО-ға мүше болды. Тамыз айының соңында аталған компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аккредиттелген ұйымы мәртебесін алды. АХҚО-да аккредитация алу (қатысушы мәртебесін бермей, танылған АХҚО мүшесі емес) AIX-тегі сауда жасауға алғашқы қадам болады.
«Питер Траст ИК» АҚ – Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы инвестициялық компания. Қор нарығына тұрақты қатысады. Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығындағы операцияларды жүзеге асырады.
Тамыз айында бұл шағын брокер Solidcore Resources (бұрынғы «Полиметалл») миноритарлық акционерлеріне Мәскеу биржасында делистингке байланысты акцияларын биржалық бағамен сатып алуды ұсынды.
30 қыркүйекте Solidcore Resources өзінің бағалы қағаздарын Мәскеу биржасынан шығаруды (делистингті) аяқтайды. Осы уақытқа дейін миноритарлық акционерлерге ресейлік акцияларды қазақстандық акцияларға айырбастау немесе оларды биржада сату мүмкіндігі берілді.
AIX деректеріне сәйкес, биржаға 46 компания тіркелген. Оның ішінде 7 ресейлік брокер, 13 шетелдік брокер (Кипр, Чехия, Гонконг, Қытай, БАӘ және Армения), 18 қазақстандық компания, 7 брокер АХҚО-дан, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) енген.