Qalam-ның қызықты топтамалары: «Манас» жырындағы әйел образы, Үндістандағы алмаз алқабы, Голлиудтағы алғашқы қытай қызы және Мысыр пирамидалары туралы мифтер

Жарияланды
Qalam-ның демалыс күндеріне арналған қызықты топтамалары / Фото: kursiv.media

Демалысты пайдалы әрі қызықты өткізу үшін, ғылыми-танымдық Qalam порталында жарияланған материалдар топтамасын ұсынамыз. Осы аптада: «Манас» жырындағы әйел образы, Үндістандағы алмаз алқабы, Голлиудтағы алғашқы қытай қызы және Мысыр пирамидаларына қатысты мифтер.

«МАНАС» ЭПОСЫНДАҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ӘЙЕЛДЕР

Ұмай ана/Qalam редакциясы

Егер «Манас» жырының қысқаша мазмұнын оқысаңыз, бірде-бір әйел бейнесін кездестіре алмайсыз. Бұл эпос абсолют түрде әкені, жауынгерді, ел қорғаушы ерлерді дәріптейтіндей көрінер, алайда мүлде олай емес. Бар болғаны эпосты мән беріп оқысақ жеткілікті.

ТАҢҒАЖАЙЫП АЛМАЗ АЛҚАБЫ

Персия жеріндегі лағыл іздеу. Марко Полоның «Әлем ғажайыптары» кітабінан. 15 ғасыр қолжазбасы. Шебер Мусико иллюстрациясы/Getty Images

Үндістандағы «алмаз бекінісі» аталып кеткен ғажайып Галконда көптеген авантюристер мен саудагерлерді тартатын жарық жұлдызға айналады. Васко да Гама Үндістанға теңіз жолын ашқанда, оны да сол алмаз қызықтырған болуы керек, кім білсін… Әлемдегі ең үлкен бриллианттың шығу тарихын сайттан оқыңыздар

АЛЫС ҚАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДЫҢ ЖАРЫҒЫ

Анна Мэй Уоң (1905 – 1961)/John Kobal Foundation/Getty Images

Анна Мэй Уоң есімді қыздың тағдырына өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары Қытайдан шыққан тұңғыш Голлиуд жұлдызы болу жазылған. Нәсіліне, шыққан тегіне қарамастан бүкіл әлемге танылған нәзік арудың өмірі мен шығармашылығы туралы сайттан оқыңыздар.

МЫСЫР ПИРАМИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ МИФ

Карл Вернердің (1878) жұмысы негізінде Г. В. Зейц жасаған және басып шығарған түсті литография, Мысыр: Гиза және Сфинкс пирамидалары/Wikimedia Commons

Наполеон Мысырға басып кірген соң, 18 ғасырдың соңында әлемде египтомания басталды. Содан бері ғалымдар Мысыр пирамидаларының сырын іздеп әлек, бірақ қазірдің өзінде бұл ұлы құрылыс нысандары құпиясын ашпай отыр. Олар туралы жаңа гипотезалардың саны жоқ. Дегенмен археологиялық қазба жұмыстарының және жаңа технологиялардың арқасында біраз нәрсе белгілі болды және бұрынғы дақпырт аңыздардың көбі жоққа шықты.

Сондай-ақ оқыңыз