Оқу-ағарту министрлігі оқулық шығару ережелерін өзгертті

Жарияланды
Оқулық әзірлеу ережелері өзгереді / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды әзірлеу, сараптау және басып шығару ережелерін жаңартты. Оған сәйкес, оқулықтарды оқу курстарынан өткен авторлар тобы әзірлейді.

Оқулық пен электрондық оқулықты дайындау әзірлеуші ​​немесе баспа оқулықтар мен электронды оқулық әзірлеу бойынша оқу курстарынан өткен авторлар тобын құру арқылы ұйымдастырылады. Бұрынғы талапқа сәйкес, оқулық әзірлеу үшін қосымша ғалым немесе мұғалім, пән бойынша кәсіптік білімі, біліктілігі мен білім беру ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар адам қатысатын.

Пәндік сараптау комиссиясының құрамы біліктілікті арттыру курсынан өткен сарапшылар базасына енгізілген ғалымдар мен оқытушылар қатарынан құрылады. Комиссия құрамына мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың оқу-әдістемелік кешендерін сараптау үшін – жоғары біліктілік санаты, «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдары, әдіскерлері және педагогтары кіреді.

Ал бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін электрондық нысандағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сараптаманы біліктілігі жоғары санатты, «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар мамандандырылған ғалымдар, орта білім беретін педагогтар, мүмкіндігінше «ЖОО үздік оқытушысы» және «Үздік оқытушы» республикалық конкурстарының жеңімпаздары, ведомстволық және мемлекеттік наградалардың және «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының иегерлері жүргізеді.

Ал сараптамалық топ ұйымдастырылған іс-шаралар мен оқу пәндері бойынша құрылады. Топты тиісті салаға маманданған ғалым басқарады. Сараптамалық топтың сараптамалық шешімінің нысанын көрсетілетін қызметті берушінің Ғылыми кеңесі бекітеді. Бұл топтың сараптамалық шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда сараптамалық топ жетекшісінің дауысы шешуші болып саналады.

Жаңадан әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер үшін, оның ішінде электронды түрдегі оқулықтардың сараптамасы келесі кезеңдер бойынша өткізеді:

  • ғылыми-педагогикалық сараптама (апробацияға дейінгі және апробациядан кейінгі);
  • орта білім беру ұйымдарында апробация;
  • тақырыптық сараптамалық комиссиясының қарауы;

Ал тереңдетілген білім берудің оқу-әдістемелік кешендеріне, қайта басылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге, соның ішінде электрондық нысандарды әзірлегенде ғылыми-педагогикалық сараптама жасалып, тақырыптық сараптамалық комиссия қарауы керек.

Оқу құралдары, электрондық құжаттама, сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдары, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру үшін арналған оқулықтар мен электронды оқулықтарға ғылыми-педагогикалық сараптама жасалуы керек.

Бұл өзгеріс 2024 жылдың 8 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыз