Қазақстанда жылу мен электр энергия тарифтері қымбаттады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жылу мен электр энергиясы тарифтері қымбаттады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Ұллтық статистика бюро мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері бір жылда едәуір өсті, әсіресе, жылу бағасы айтарлықтай көтерілді. 2024 жылдың қыркүйек айында бұл қызметтің құны 5,2 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,9%-ға жоғары.

Сонымен қатар бір жыл ішінде суық су 23,5%-ға, ал ыстық су 23,8%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері ауызсу құны 15,6%-ға өсіп, бір текше метрге 87,48 теңгеге жетті, ал ыстық судың бағасы 7,3%-ға қымбаттап, бір текше метрге 419 теңге болды.

Электр энергиясының тарифі де өсті, 2023 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 22%-ға көтеріліп, қазір 21-35 теңге аралығында. Жыл басынан бері баға шамамен 12%-ға өсті..

Аса қымбаттамаған қызмет – бұл табиғи газ, ол бір жылда 11,2%-ға, ал жыл басынан бері 10,8%-ға өсіп, бір текше метр үшін 33,44 теңге болды.

ҚазЭҚҰ ассоциациясының басшысы Сергей Агафоновтың болжамы бойынша, алдағы үш-бес жылда коммуналдық қызметтердің бағасы қарқынды түрде өсе береді. Оның айтуынша, бұл бұрынғы жылдардағы кейінге қалдырылған тарифтердің өсімін толықтыруға байланысты.

Еске сала кетейік, еліміздің бірнеше өңірінде жылу беру маусымы басталды, бұған дейін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласында жылу берілді.

1 қазаннан бастап Абай, Ақтөбе және Қарағанды ​​облыстарында жылу беріледі.

Сондай-ақ бұған дейін Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров коммуналдық қызмет тарифі жүйесіне «көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидасы қашан енгізілетіні туралы айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз