Прокуратура суицидке итермелеуі мүмкін 15 мың сайт пен сілтемені бұғаттады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Прокуратура суицидке апаратын 15 мың сайт пен сілтемені бұғаттады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Суицидке итермелеуі мүмкін 15 мың сайт пен сілтеменің көзі жойылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өзінің Х әлеуметтік парақшасында жазды.

Бас прокурордың айтуынша, балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды.

Жалпы әлеуметтік желілер балалардың суицидке әсер ететіндіктен, прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттады.

Сондай-ақ қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеудеміз.
Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз, – деп жазды бас прокурор.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі биыл 43 суицидке жетелейтін интернет ресурсты анықтаған. ІІМ реми өкілі Шыңғыс Әлекешов кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке көп жағдайда қандай жағдайлардың әсер ететіні туралы да айтқан еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 16 қыркүйек күні Алматыда екі оқушы терезеден құлап кетті. Олардың суицид жасағаны болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше олардың телефондарынан суицидке үгіттейтін ойындар табылмаған.  

Сондай-ақ оқыңыз