Қостанай облысындағы ауылда су құбырын тартуға тиіс болған компания 84,9 млн теңге бюджет қаражатын қайтарды
Қостанай ауданының прокурорлары тексергеннен кейін мердігер 84,9 млн теңге бюджет қаражатын қайтарды.
Аудандық құрылыс бөлімі мен мердігер ұйым жалпы сомасы 859,6 млн теңгеге Мәскеу ауылында су құбырын тартуға шарт жасасқан. Компания 2023 жылдың шілде айында құбыр желісін аяқтауға тиіс болған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 43-бабының 9-тармағына сәйкес өнім беруші шарттың орындалуын 89,4 млн теңгеге қамтамасыз етуді енгізген. Шарт бойынша нысанды тапсыру мерзімі 2023 жылғы 20 шілдеге жоспарланған, алайда мердігерлік ұйым іс жүзінде жұмыс істемеген, нәтижесінде шарт біржақты тәртіппен бұзылған», – деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасы.
Тапсырыс беруші мемлекет кірісіне соманы өтеу жөнінде талап қоймаған. Аудан прокуратурасының ықпал етуімен 84,9 млн теңге қаражатты бюджетке қайтарды.
Ақтөбе облысы прокуратурасымен Әйтеке би ауданындағы бөгеттің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық істі тіркеді. Әйтеке би ауданында 2024 жылдың 30 наурызында су тасқыны салдарынан «Щербаковское» бөгеті жарылған. Ал 2023 жылы аталмыш бөгет жергілікті қаражат есебінен 216 млн теңгеге жөнделген.