«Хелен» дауылы салдарынан АҚШ-та 600 адам жоғалып кетті

Жарияланды
Фото: Nicholas Strasburg/UsCoast/ZUMA Press Wire

АҚШ-тың оңтүстік-шығысында тұратын 600 адамнан хабар жоқ. Бірнеше күннен бері қауіп төндірген «Хелен» дауылы салдары оңайға соқпай тұр.

30 қыркүйек күні АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаментінің кеңесшісі Лиз Шервуд-Рэндалл: «Бізде бар деректерге сәйкес, дауыл 600-ге жуық адамның өмірін қиған болуы мүмкін», – деді. Шенеунік құрбандар санын түпкілікті растау қажет екенін айтты.

Табиғи апаттан қатты зардап шеккен Флорида, Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында, сондай-ақ Теннесси мен Вирджинияда Хелен дауылы салдарынан жалпы саны 100-ден астам адам қаза тапқан. Зардап шеккендер саны артуы мүмкін.

Moody’s сарапшылары жалпы мүліктік шығынды 15 миллиард доллардан 26 миллиард долларға дейін, ал дауылдың жалпы шығынын 20 миллиардтан 34 миллиард долларға дейін бағалады.

Қыркүйек айының аяғында АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағындағы елдімекендерге табиғаттың дүлей күші апат алып келді. «Хелен» дауылы  салдарынан 63 адам мерт болып, 3 миллионнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Ұлттық дауыл орталығы оның күші жойқын деп баға берді. 

Сондай-ақ оқыңыз