Ұлытау облысындағы Kazakhmys корпорациясында қымбат металл ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ұлытау облысында Kazakhmys корпорациясында қымбат металл қорытпаларын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полицияның мәліметінше соңғы айдың ішінде Ұлытау облысында бірнеше қылмыстық топтың заңсыз әрекеті тоқтатылды. Солардың бірі Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпарациясында қымбат металдар қорытпаларын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың іс-әрекеті тоқтатылды. Топ құрамына кәсіпорын қызметкерлері де кірген. Күдіктілер 6,5 миллион теңгеден астам сомадағы ұрланған өнімді кәсіпорыннан шығару кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 2022 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкерден 20 миллион теңге бопсалаумен айналысқан тағы бір қылмыстық топты анықтады. Қылмыскерлер зардап шегушіні жалға алынған пәтерге алдап шақырып, физикалық күш қолдану және қарумен қорқыту арқылы ақша талап еткен.
Бұдан бөлек, 2018 жылы жергілікті тұрғынды өлтіруге әрекет жасаған қылмыстық іс ашылды. Бұл қылмысты бұрыннан белгілі қылмыстық топ жасағаны анықталды, ал олардың кейбір мүшелері қазір басқа қылмыстар үшін жазасын өтеп жатыр. Қылмыс кезінде қолданылған тапанша тәркіленді.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше осы қылмыстарға қатысы бар барлығы 17 күдікті ұсталды, 20-дан астам тінту шаралары өткізіліп, нәтижесінде 5 атыс қаруы, оның ішінде тапанша және 3 мылтық, оқ-дәрілер, қолдан жасалған пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топтың 50-ге жуық мүшесі ұсталған еді.