Инвесторлар биыл күзде қандай компаниялардың акцияларына назар аударғаны жөн?

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қандай компаниялардың акциялары өсуі мүмкін / Фото: shutterstock

Биыл күзде қор нарығындағы қандай компаниялардың акцияларына назар аударған жөн? Freedom Finance Global сарапшылары Данияр Оразбаев пен Елдар Шакенов инвесторларға тартымды боларлық компаниялар тізімін ұсынады. Сарапшылардың пайымдауынша қазақстандық ҚазмұнайГаз, Қазақтелеком, Қазатомөнеркәсіп акцияларының өсу әлеуеті жоғары.

2024 жылдың І жартыжылдығында ҚазМұнайГаздың ақша ағыны жоғары қалыптасқан. Бұл қаржыны компания дивиденд төлеуге жұмсауы ықтимал. Сондықтан сарапшылар ҚМГ акциялары құнын жоғалтпайтынына сенімді.

Ал Қазақтелеком Алтел-Теле2 еншілес мобильді операторын қатарлық инвесторға сатып, өз ақша қорын молайтып алды. Бұл ақша қоры компанияның ағымдағы құнын айтарлықтай арттырады. Сарапшылар Қазақтелеком еншілес компаниясын сатудан түскен қаржымен өз қарызын түгел өтеп, тіпті арнайы дивиденд төлеуге мүмкіндігі бар деп тұжырымдайды.

Әлемдік нарықта уран бағасының қымбаттауы Қазатомөнеркәсіптің табысы артуына ықпал етеді. Осылайша келесі жылы дивидендтердің өсу ықтималдығы да айтарлықтай өсті.

Сонымен қатар сарапшылар өсу әлеуеті жоғары компаниялар қатарына Air Astana (38%), ҚазТрансОйл (38%) және Қазақтелеком (37%) жатқызады

Freedom Finance Global сарапшысы Елдар Шакенов инвестор стратегиясының негізі – теңгерімді қоржын деп тұжырымдайды. Сарапшы тұрақтылық, өсім және тақырыптық идеяларды ұштастыратын портфель ұсынады.

Капиталы ұзақ мерзімде өскенін қалайтын инвесторлар, ең бірінші, өсу қабілеті жоғары секторлардың акцияларына назар аударға жөн. Олар:

  • Технологиялар және коммуникациялық сервистер;
  • Жартылай өткізгіштер және софт;
  • Биотехнологиялар және жаңартылатын энергетика.

Технология мен коммуникациялық сервистер саласындағы компаниялар тұрақты бизнес-модельдер, күшті іргелі көрсеткіштер, инновациялар және орасан зор клиенттік базаның арқасында өз салаларында үстемдік етуді жалғастырады. Сарапшылар компания кірісі бұлтты қызметтер мен жарнамалық платформаларды кеңейту есебінен жалғасады деп тұжырымдайды.

Екіншіден, циклді сегментке кіретін бағалы қағаздар есте болуы керек. Циклдік акциялар – бұл экономиканың өсуі жағдайында жақсы серпін көрсететін инвестициялар. Оған өнеркәсіп, ритейл мен қоғамдық тамақтану, энергетика қаржы қызметі, жылжымайтын мүлік саласындағы компаниялар кіреді.

Үшіншіден, инвестор портфелінде актив сапасы жоғары компания акцилары міндетті түрде болуы керек. Елдар Шакенов бұндай компанияларға денсаулық сақтау, коммуналдық сектор, бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы қызметі саласындағы кәсіпорындары жатқызады. Өйткені бұл секторлар нарық қатты құбылса да тұрақтылық байқатады. Сонымен қатар адам өмірімен тығыз байланысты компаниялар акцияларына деген сұраныс үнемі жоғары болады. Мәселен, медицина мен дәрі-дәрмек үнемі қажет. Ал коммуналдық қызметтер белгісіздік жағдайында тұрақты дивиденд пен кірістілікті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, инвесторларға 2024 жылдың соңына дейін IPO-ға шығатын компанияларды қарастыру ұсынылады:

  • Turo Inc
  • CeriBell
  • PHI Group
  • Hornbeck Offshore Services
Сондай-ақ оқыңыз