Израиль, Иран, Ливан мемлекеттеріндегі Қазақстан елшілігі күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан елшілігі күшейтілген жұмыс режиміне көшті / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Израиль, Иран, Ливан мемлкеттеріндегі Қазақстан елшілігі күшейтілген жұмыс режиміне көшті, бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондай-ақ, Смадияровтың айтуынша Иранның Израильге шабуылы салдарынан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ.

Қазірге дейін Қазақстанның зардап шеккен немесе қаза тапқан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ. Күрделі саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерінің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды, – деді Смадияров.

Сонымен қатар, Смадияровтың айтуынша Таяу Шығыстағы жағдай ушықса Қазақстан репатриациялық рейс жібереді.

Еске сала кетейік, 1 қазан күні Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге жүздеген баллистикалық зымыран ұшырды. Иерусалим мен Тель-Авив қалаларында жарылыс болды.

Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы шиеліністі жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын рейстер Ирак пен Иранның әуе кеңістігін айналып өтетін болды.

Сондай-ақ оқыңыз