Полиция балаларды қорғау үшін Астанадағы тұрғын үйлердің шатырына шығатын есіктерді жабады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Астанада тұрғын үйлердің шатырына шығатын есіктер жабылды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Астана полициясы жасөспірімдер мен балаларды қорғау үшін Астанадағы тұрғын үй кешендерінің шатырына шығатын есіктерді жауып тастайды. Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады.

Ведомство 28 қыркүйекте қайғылы оқиға болғанын хабарлады. Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде қыз баланың жүргені туралы ақпараты келіп түскен. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары шатырдан кәмелеттік жасқа толмаған жеті баланы тапқан. Олар тұрғын үйдің төбесіне еш бөгетсіз кірген, себебі шатырға шығатын есік ашық тұрған.

«Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерімен (ата-аналарымен) бірге мобильді құрылғыларын тексерген кезде қауіпті ойындар табылмады. Жасөспірімдердің заңды өкілдері балаларды дұрыс бақылауға алмағаны үшін жауапқа тартылды», , – делінген хабарламада.

Полицейлер осындай оқиғалардың алдын алу үшін тұрғын үй кешендерінің шатырына шығатын есіктерді жаба бастаған. Полиция ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырды.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі биыл 43 суицидке жетелейтін интернет ресурсты анықтаған. ІІМ реми өкілі Шыңғыс Әлекешов кәмелетке толмағандар арасындағы суицидке көп жағдайда қандай жағдайлардың әсер ететіні туралы да айтқан еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 16 қыркүйек күні Алматыда екі оқушы терезеден құлап кетті. Олардың суицид жасағаны болуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше олардың телефондарынан суицидке үгіттейтін ойындар табылмаған.  

Сондай-ақ оқыңыз