Тоқаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарын Сенат депутаты етіп тағайындады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Токаев назначил замглавы МВД Кожаева депутатом сената
Марат Қожаев 2019 жылғы 6 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінде болған / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Дастан Шанай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады. Ең алдымен мемлекет басшысы Марат Қожаевты ҚР Ішкі істер министірінің бірінші орынбасары қызметінен босатты. Артынша оны Сенат депутаты етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Шәдетханұлы Қожаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды», – делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сондай-ақ Тоқаев Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттілігін тоқтатты.  

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды,- делінген құжатта.

Айта кетейік, Марат Қожаев 2019 жылғы 6 сәуірден бастап ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Ал Ләззат Қалтаева ҚР Парламент Сенатының депутаты қызметіне 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған.

Сондай-ақ оқыңыз