Алматыда 6 қазан күні 100 «Инватакси» қызмет көрсетеді
Жалпыхалықтық референдум өтетін 6 қазан күні Алматыда жүріп-тұруы қиын азаматтарға жәрдемдесу үшін 100 «Инватакси» қызмет көрсетеді.
Қызметті қандай адамдар алады? «Инватаксимен» қалай байланысу керек?
Тірек-қимыл аппараты бұзылған және арбамен жүретін азаматтарға арналған көлікке тапсырыс беру үшін: +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp) нөмірлеріне хабарласу қажет.
Көру қабілеті нашар азаматтарға арналған көлікке тапсырыс беру үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14 нөмірлеріне хабарласу қажет.
Бұдан бөлек, тағы 20 кезекші автокөлік жүріп-тұруы қиын азаматтарға қызмет көрсетеді. Оларды 338-30-09 нөмірі арқылы шақырып, осы нөмір арқылы көлік қызметтерінің сапасына баға беруге болады.
«Бұл қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ көру қабілеті нашар азаматтарға қолжетімді», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
Бүгін, 5 қазан Қазақстанда тыныштық күні, референдумға байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.