Израиль Бейруттегі «Хезболла» нысандарына тағы да соққы жасады
5 қазан күні таңертең Израиль әскери күштері Ливандағы «Хезболла» нысандарына әуе шабуылын жасады. Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігінде жарылыстар болған.
Израиль әскери күштері тағы да тұрғындарды дереу эвакуациялауға шақырған.
Reuters ақпаратына сүйенсек, әуе шабуылы салдарынан 2000-шы жылдан бері «Хезболла» байланыс тобының жетекшісі қызметін атқарып келген Мұхаммед Рашид Скафи қайтыс болған. Израиль қорғаныс күштері әскери бункерде болған барлық адамның зардап шеккенін хабарлаған.
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуінен Brent маркалы мұнай бағасы шамамен 10% өскен.
Айта кетейік, Еуропалық Одақ елдері өз азаматтарын Ливаннан асығыс шығара бастаған. Израиль көрші елдің оңтүстігіндегі елдімекендерді шұғыл эвакуациялау қажеттігін мәлімдеген.
1 қазан күні Иран Ислам революциясының Сақшылар корпусы Израильге жүздеген баллистикалық зымыран ұшырды. Иерусалим мен Тель-Авив қалаларында жарылыс болды.