Қытай АЭС салса, Үлбі металлургиялық зауыты ядролық отынмен қамтуға дайын – «Қазатомөнеркәсіп»
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ директорының бірінші орынбасары Қуаныш Омарбеков Үлбі металлургиялық зауыты өндіретін отын Қытай ұсынып отырған АЭС жобасында кәдеге асатынын айтты.
– Қазақстан өнімін пайдалану реактор техникалық мүмкіндігіне байланысты. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына қарасты Үлбі металлургия зауытында шығатын AFA 3G TM типті отын Қытай ұсынған АЭС-ті пайдалануға жарайды. Бұған қатысты күрделі еш нәрсе жоқ. Бізге берілген құзыреттілік бойынша отандық өнімді жобаға тез бейімдеуге болады, – деді Қуаныш Омарбеков.
2023 жылы Қазақстанның ұлттық атом компаниясы – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ «Үлбі-ТВС» ЖШС зауытынан AFA 3G TM типті отын жинақтарының бірінші партиясын Қытайға жеткізді.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ (ӨМЗ) атом энергетикасы, электроника өнеркәсібі, металлургия және басқа да салалар үшін уран, бериллий, тантал және ниобий өндіреді. Компания Қазатомөнеркәсіп құрамына кіреді. «Үлбі-ТВС» ЖШС қазақстандық-қытайлық бірлескен кәсіпорын, оның үлесі 51% UMP-ке және 49% CGNPC-URC-ке тиесілі.
«Үлбі-ТВС» ЖШС 2021 жылдың қараша айында AFA 3G FA типті отын жинақтарын өндіру технологиясының иесі, француздық Framatome компаниясынан біліктілік алғаннан кейін жұмысын бастады және ядролық отынды жеткізуші ретінде танылды. Зауытта 20 жыл бұрын кепілдендірілген сату нарығы бар.
Бұл – Қазақстанда жобалық қуаттылығы атом электр станциялары үшін жылына 200 тонна төмен байытылған уран отынын өндіретін жалғыз зауыт.