Алматыда тағы бір бойжеткен 18-қабаттан құлап қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Алматыда тағы бір бойжеткен 18-қабаттан құлап қайтыс болды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматының Алмалы ауданында тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан бойжеткен қыз құлап, қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.

6 қазан күні кешкі сағат 19:00 шамасында Алмалы ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің 18-қабатынан қыз баланың құлаған белгілі болған. Оқиғаның себебін полиция анықтап жатыр.

«Алмалы ауданының полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы тергеу барысында анықталады», – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұл Алматы қаласындағы алғашқы қайғылы оқиға емес. 16 қыркүйекте дәл осы Алмалы ауданында екі жасөспірім қыздың терезеден құлап қайтыс болғаны белгілі болған.

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға ескерту жасап, балалардың қауіпсіздігі туралы ақпарат тарата бастаған. Ал елордадағы полиция департаменті қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін қаладағы тұрғын үй кешендерінің шатырына шығатын есіктерді толықтай жауып тастаған.

Сондай-ақ оқыңыз