Рудныйдағы ұн тарту кәсіпорнында төрт жұмысшы қаза тапты
Рудныйдағы ұн тарту кәсіпорнында төрт жұмысшы қайтыс болды. Жұмысшылардың өліміне байланысты полиция еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша тергеу бастады.
6 қазанда Қостанай облысында төрт жұмысшы қайтыс болғаны туралы ақпаратты өңірлік ТЖД порталы жариялады. Қайтыс болған азаматтар бес метрлік бункерді тазартуға кірген. Ешбірі кері шыға алмаған. Компания өкілдері құтқарушы жасақ, полиция мен жедел жәрдем шақырған.
«Құтқарушылар жұмысшылардың денесін бункерден шығарды. Жедел жәрдем өкілдері олардың қайтыс болғанын хабарлады», – делінген облыстық ТЖД ақпаратында.
Жұмысшылардың неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Полиция «екі немесе одан да көп адам өліміне әкеп соқтырған еңбек ережелерін бұзу» факторы бойынша тергеу жұмыстарын бастаған.
Осыған дейін «Қазақмыс» корпорациясының Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында көміртегі газы бөлініп, эвакуация жасалып, екі жұмысшы қайтыс болған.