Талғар қаласының тұрғындары 16 жасар жасөспірім қайтыс болған дүкен маңына гүл шоқтарын қоюда

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Жасөспірім қайтыс болған дүкен / Фото: Шадияр Өстемір / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы облысының Талғар қаласында тұрғындар 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болат қайтыс болған дүкеннің алдына гүл шоқтарын қоюда. Kursiv.Media тілшісі қайғылы оқиға орын алған қалаға барды.

Марқұмның отбасы жалға алып отырған «Қамажай» дүкені қазір жабық тұр. 4 қазан күні осы жерде 16 жастағы бала Шерзат Болат қайтыс болған. Дүкеннің алдына қойылған үстелге Шерзаттың фотосы қойылған. Жергілікті тұрғындар гүл шоқтарын қойып кеткен.

7 қазан күні Шерзат Болаттың туыстары Талғар ауданы әкімдігіне барып, істің әділ тергелуін талап еткен. Кейін іс Қонаев қаласының тергеу органдарына берілген. Жағдай қоғамдық талқыға түскеннен кейін Ішкі істер министрі Ержан Сәденов оқиғаны өз бақылауына алғанын жазды

Сондай-ақ оқыңыз