ҚТЖ өзінің еншілес ұйымы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясында 56 млн теңгеден астам қаражат ұрланғанын анықтады

Жарияланды
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясында 56 млн теңге ұрланған/ фото: kursiv.media

«Қазақстан темір жолы» компаниясы еншілес ұйымы – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ға қатысты ішкі қызметтік тексеру жүргізді. Соның нәтижесі бойынша 56 млн теңгеден астам ақшаның қолды болғанын анықтады.

ҚТЖ материалдық залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына осы факт жөнінде хабарлады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

«ҚТЖ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастамашысы ретінде тергеп-тексеруге толық жәрдем көрсетеді. Компанияда мұндай фактілерге жол бермеу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде және кез келген бұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясаты қолданылады», – деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еншілес ұйымы –  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Отын ресурстары орталығы» филиалы батыс дивизионының экс-директорының басы дауға қалған еді. Антикор оның жанармай қоймалары бірінің бастығының міндетін атқарушыдан осы лауазымға бекіткені үшін 50 мың доллар алғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз