Алматы облысында Lenovo директорларының бірі Ермек Жақыпжановтың денесі табылды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Ермек Жақыпжановтың денесі табылды
Lenovo компаниясының директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды / Instagram/Yermek, бильд-редактор: Артур Алескеров

Алматы қаласында іс-түссіз жоғалып кеткен Lenovo компаниясының директоры Ермек Жақыпжановтың денесі табылды. Бұл туралы ақпаратты жоғалған азаматтарды іздейтін Lider.kz ұйымы хабарлады. Полиция оның өліміне кінәлі деген күдікпен 24 жастағы жігітті Қарағанды облысында ұстаған.

9 қазанда Жақыпжановтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тарап, Lider.kz еріктілер ұйымы оған іздеу салған. Әзірге белгілі ақпаратқа сүйенсек, ер азамат 9 қазан күні таңғы сағат 07:30 шамасында әдеттегідей жұмысқа шығып кеткен. Ол өзінің Hyundai Genesis көлігінде болған. Осыдан кейін Жақыпжанов туралы ақпарат болмаған.

Фото: Скрин Instagram Lider.kz

Linkedin желісіндегі ақпаратқа сүйенсек, азамат Lenovo компаниясында жұмыс істейді. IPMA жобаларының менеджері болған. Артында кәмелет жасына толмаған екі ұлы мен жары қалды.

Lider.kz еріктілерінің айтуынша, 10 қазан күні Жақыпжановты іздеу тоқтатылды.

KursivMedia оқиға туралы Алматы облысы полиция департаментіне хабарласты. Полицияның ақпаратына сүйенсек, 42 жастағы ер адамның денесі Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылынан табылған.

Полиция «адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жұмыстары барысында Қарағанды облысының полициясы Жақыпжановтың өліміне қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстап, тергеу изоляторына қамаған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз