Алдағы демалыс күндері солтүстік пен оңтүстікте қар жауады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Оңтүстік пен солтүстікте қар жауады
Демалыс күндері солтүстік пен оңтүстікте қар жауады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазан айының ортасынан бастап Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауады. «Қазгидромет» болжамына сүйенсек, қыс алдымен елдің солтүстік және оңтүстік өңірлеріне келеді.

Әсіресе, алдағы демалыста күннің жылы болуына қарамастан, қар негізінен оңтүстік өңірлерге жауады. Қызылордада күн райы +20 +10 аралығында құбылып, қар жауып найзағай соғады. Мұндай құбылыс Тараз (+18 +15), Түркістан (+22 +16) мен Шымкентте де (+19 +15) қайталанады.

Демалыста қар ауа температурасы ең төменгі бағанды көрсететін солтүстік өңірлерге де жауады. Қостанайда температура 0 градустан -2 градусқа дейін, Павлодарда +10 градустан -2 градусқа дейін, Петропавлда 0 градустан -2 градусқа дейін, Өскеменде +23 градустан -1 градусқа дейін төмендейді.

Орталық Қазақстанда демалыста қар аралас  жаңбыр жауады. Астанада ауа температурасы +10 -3 градус аралығында, Жезқазғанда +13 -1 градус аралығында, Қарағандыда +14 -4 аралығында, Көкшетау +2 -2 аралығында болады.

Оңтүстік-шығыс пен батыста күн райы жылы болады. Алматы (+22 +14), Қонаев (+24 +15), Талдықорған (+22 +14) мен Семейде (+22 -2) жаңбыр жауады.

Батыста күн бұлтты болады. Ақтауда температура +22 +15 градус аралығында, Ақтөбеде +7 +3 аралығында, Атырауда +19 +8 аралығында, Оралда +12 +4 аралығында болады деп болжанған.

Қазанның ортасынан бастап елдің көп өңірінде қар жауып, ауа температурасында ауытқу болады.

Сондай-ақ оқыңыз