Шерхан Болаттың өртенген үйіне қатысты іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Фото: ІІМ

Шерхан Болаттың өртенген үйіне қатысты іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды. Бұл туралы ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Аленов оқиға орнынан мәлімдеді.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, – деді Бауыржан Аленов.

Айта кетейік, 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданындағы Азат ауылында үй өртенген еді. Үй толығымен өртеніп кеткен, зардап шеккендер жоқ. Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Полиция отбасыны күзетпен қамтамасыз етті.

Еске сала кетейік, 4 қазанда Талғарда бір топ адам дүкендегі жанжалдан кейін 16 жасар жасөспірімге жабылып, жарақат алған мектеп оқушысы Шерзат Болат қайтыс болды. 7 қазан күні туыстары істің алға баспай жатқанын айтып, Талғар ауданы әкімдігіне алдында наразылық білдірді. 8 қазан күні істі Қонаев қаласының полициясы қабылдап, тергеуді бастап, 9 адамды ұстап, оның екеуі куәгер ретінде босатылды.

9 қазанда KursivMedia Шерзаттың туыстарымен тілдесіп, куәгерлерден жағдайдың мән-жайын білген.  

Сондай-ақ оқыңыз