Air Astana компаниясынан бөлінуіне байланысты FlyArystan лоукостеріне жаңа код берілді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
FlyArystan-ға жаңа код берілді / Фото: shutterstock

FlyArystan 2025 жылдың 1 қаңтарынан өз рейсеріне жаңа код қолданады. Бұл кодты лоукостерге Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы берген. Яғни келер жылдың қаңтарына әуе компаниясының рейстері қазіргі KC кодының орнына FS кодын пайдаланады.

FlyArystan президенті Ричард Леджер жаңа кодты қабылдау – FlyArystan-ның Air Astana-дан бөлінуі туралы стратегиялық шешімге байланысты екенін айтады. Ол қазақстандық әуе компаниялардың әлемдік авиациядағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға ықпал етпек.

«Жолаушылар саяхаттың барлық кезеңінде – мобильді қосымша мен веб-сайт арқылы брондаудан бастап әуежайда және үшінші тарап платформаларында тіркеуден өтуге дейін «KC»-ден «FS»-ке кодтың өзгеруін байқайтын болады. Сонымен қатар билет нөмірінің префиксі (алғашқы үш сан) 465-тен 164-ке өзгереді. Барлық басқа рәсім өзгеріссіз қалады, сол арқылы клиенттерімізге таныс және жайлы тәжірибе ұсынылады», – деді FlyArystan президенті Ричард Леджер.

2024 жылдың сәуірінде FlyArystan әуе тасымалдаушы сертификатын (AOC) алған. Бұл – коммерциялық мақсатта жолаушылар тасымалы құқығын растайтын маңызды құжат.

2019 жылы құрылғалы бері FlyArystan «Эйр Астана» компаниясының сертификатын пайдаланып келген. Енді өз AOC-мен FlyArystan өз қызметін арзан тасымалдаушы үлгісіне одан әрі бейімдеп, қосымша өсу мүмкіндіктерін іздестіретіні хабарланды.

Жеке оператор сертификатын алғанымен,FlyArystan «Эйр Астана» тобының еншілес ұйымы болып қала береді. Питер Фостер бұған дейін де FlyArystan әуе компаниясы Air Astana-ның құрамында қала беретінін айтқан.

FlyArystan әуе компания жыл басынана бері бірнеше рет дауға қалған. 12 жасар қызды рейске кіргізбей айыппұл арқаласа, жолаушылар компанияның қате хабарламасы салдарынан рейстен кешіккен.

Сондай-ақ оқыңыз