Көктайғақ, жауын-шашын мен тұман: 9 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескеру жариялады. Еліміздің оңтүстігі, батысы мен орталығында ауа райы күрт құбылып, қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады.

Мамандардың болжауынша, Алматы облысы, Түркістан облысы мен Жамбыл облысында жауын жауып, таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады. Жамбыл облысында тұман түседі.

Синоптиктер Ұлытау облысыны бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі деп болжайды. Батыс Қазақстаның бірқатар аудандарында тұман түссе, оңтүстік аудандарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының жолдарында көктайғақ, бұрқасын соғады. Атырау облысында тұман түседі. Қызылорда облысынының кей аудандарында жоғары өрті қаупі сақталады. Ал облыс орталығында күндіз аздаған жауын-шашын жауып, түнде 1-3 градус үсік түседі.

Еліміздің ірі қалаларында 15 қазанда ауа райы құбылмалы болады. «Қазгидромет» мамандары Астанада күн ала бұлтты болады десе, Алматыда күндіз жаңбыр жауатынын айтады. Шымкентте де күн бұлтты, кешке аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал Қазақстанның солтүстігінде салқын ауа райы сақталады. Суық антициклон өз әсерін жалғастырып, термометрлер түнде нөлден төмен түседі. Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

14 қазанда көктайғақ пен бұрқасынға байланысты Қарағанды облысында жол қозғалысы шектелген. Ал 12 қазан күні Астана-Көкшетау тас жолынан 600 адам эвакуацияланған болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз