Қытайлық компания Қазақстанда жел және күн электр станцияларын салмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қытай компаниясы Қазақстанда электр станцияларын салмақ / коллаж: kursiv.media

China Energy компаниясы Қазақстанда жел және күн электр станцияларын салмақ. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Бейжіңге жұмыс сапары барысында China Energy International Group басқарма төрағасы Люй Цзэсянмен кездесті. Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

2024 жылдың 2 шілдесінде Астанада өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің алаңында «Самұрық-Қазына» қоры мен China Energy International Group-тың еншілес компаниясы China Energy Overseas Investment арасында жаңартылатын энергия көздері саласында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Самұрық-Энерго» Қазақстанда алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу туралы келісімге қол қойған еді.

«Самұрық-Энергоның» жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» қоры – «Самұрық-Энерго» құрылымына 23 компания кіреді. Компанияның негізгі активтері Павлодар, Түркістан, Алматы облысында және Алматы қаласында орналасқан. «Самұрық-Энерго» тобына «Богатырь Көмір», «Алматы электр станциялары», «Екібастұз ГРЭС-1» және ГРЭС-2 (акцияларының 50%), Балқаш ЖЭО, «Алматы Энергосбыт» және т.б. кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз