Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Шотландияны 3:2 есебімен жеңді

Жарияланды 16 Қазан 2024 09:36

(жаңартылды 16 Қазан 2024 10:11)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан Шотландия: ұлттық құрама жеңіске жетті / фото: kff

15 қазан күні Алматының орталық стадионында Қазақстан мен Шотландияның жастар құрамалары Еуропа чемпионатына іріктеу аясында кездесті. Бұл тартысты ойын 3:2 есебімен Қазақстанның жеңісімен аяқталды деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.

Федерацияның мәліметінше, Қазақстан құрамасына Айбар Абдулла (30-минутта), Әділбек Жұмаханов (66-минутта) және Ян Труфанов (74-минутта) гол соқты. Жанкүйерлер үшін ерекше сәттерге толы ойын Қазақстан құрамасына маңызды 3 ұпай сыйлады.

Соған қарамастан Қазақстан құрамасы өз тобында бесінші орында тұр. Топ көшбасшысы Испания құрамасы 28 ұпаймен алда келеді.

Алдыңғы ойында, Қазақстан жастары Испаниядан 4:3 есебімен жеңілген еді.

Сондай-ақ оқыңыз