Түркияның шығыс бөлігінде 6 балдық жер сілкінісі тіркелді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Түркияда жер сілкінісі тіркелді / коллаж: kursiv.media, бильд-редаткор: Ахтам Зиперов

16 қазан күні Түркияның шығыс бөлігінде жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Солтүстік Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.

Жeр сілкінісі болған аймақтың тұрғындары таңғы 8-де болған дүмпулерді сезіп, дүрбелеңге түсті. Жер сілкінісінің эпицентрі Малатия қаласынан 45 шақырым жерде, 9 шақырым тереңдікте орналасқан. Жергілікті тұрғындар мен билік органдары жағдайды бақылауда ұстап, жедел көмек көрсету үшін дайындықтарын жүргізіп жатыр.

Түркияның шығыс бөлігінде мұндай сейсмикалық әрекеттер жиі кездеседі, бірақ магнитудасы 6,0-ден жоғары болған жағдайда қауіпті болуы мүмкін.

Билік азаматтарға алдағы сағаттар мен күндерде болуы мүмкін жер сілкіністеріне дайын болуды ұсынды. Әзірге ғимараттардың қирауы немесе зардап шеккендер туралы хабарламалар жоқ.

Еске сала кетейік, 2023 жылы 6 ақпанға қараған түні Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды, одан кейін бірінен соң бірі 7,6 балдық жаңғырық дүмпулері орын алды. Түркияда жер сілкінісінен 50 мыңнан астам адам зардап шекті. Жер сілкінісі елдің 11 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, жeр сілкінісінен келген тікелей мүліктік залал 34,2 миллиард долларды құрайды.Түркия Қаржы министрлігі залал сомасы 2 триллион лира (105 миллиард доллар) немесе 2023 жылғы ұлттық табыстың 9%-ы деп есептейді. 

Сондай-ақ оқыңыз