АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Ақпаратты қолдану туралы бұл ережелер Қазақстан Республикасының
Конституциясы; «Масс-медиа туралы» 2024 жылғы 19 маусым № 93-VIII
Қазақстан Республикасы Заңын қоса алғанда (тек онымен шектелмейді),
қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкес әзірленген және
https://kz.kursiv.media (ары қарай – Сайт) уебсайтында жарияланған ақпаратты
алу мен қолдану туралы талаптарын реттейді.

1.2. Ақпарат деп Сайтта жарияланған кез-келген деректер, мәтін және
медиаматериалдарды, оның ішінде (онымен де шектелмейді) үшінші тұлғаларға
тиесілі емес мақалалар, сурет, аудио – және видеоконтентті атаймыз.

1.3. Сайтта Логотип, тауар белгісі, графикалық бейне, аудио-визуалды материалдар,
фотосуреттер, мәтіндерді қоса алғанда және онымен де шектелмейтін авторлық
құқық нысандары, даралау құралдарымен бірге қорғауға алынған интеллектуалды
еңбек нәтижелері жарияланған.

1.4. Сайттың барлық қолданушылары онда жарияланған ақпаратты алу және оны
қолдану барысында осы ережелерді ұстануы тиіс.

2. Ақпаратты алу шарттары

2.1. Қолданушылар Сайтта жарияланған ақпаратты тек қана жеке және
бейкоммерциялық мақсатта алуға құқылы.

3. Ақпаратты қолдану шарттары

3.1. Төмендегі шарттарды орындаған жағдайда ғана осы сайтқа тиесілі екені тікелей
және жанама көрсетілген ақпаратты ойнатуға, таратуға немесе өзге де әдістермен
қолдануға болады:,

  • ақпараттың дереккөзін көрсету және интернетте қолданған жағдайда қолданылған ақпарат жарияланған Сайттың гиперсілтемесін міндетті түрде қою;
  • ақпаратты бастапқы материалдың 30%-нан аспайтын көлемде қолдану;

3.2. Сайтқа сілтеме жасағанда немесе ақпараттағы дереккөзді:

  • мәтін түріндегі материалда – цитат мәтінінің басында
  • графикалық материалдарды – бейненің дәл астында көрсету керек;
  • аудио – және видеоматериалдарда – дереккөзді аудиовизуалды түрде атап өту керек.

3.3. Үшінші тұлғалар әзірлеген және сайтта жариялаған ақпаратты қолдануға рұқсат тек
осы үшінші тұлғалардың ережесіне сәйкес беріледі.

3.4. Сайтта жарияланған материалдарды заңсыз қолданған тұлғалар мен ұйымдар
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес материалдарды
рұқсатсыз көшіргені және қолданғаны үшін жауапкершілік арқалайды.

3.5. Сайт әкімшілігінің материалды қолдану туралы осы шартты кез-келген уақытта және
себебін түсіндірместен өзгертуге құқы бар.