«ЛГБТ насихатына» қарсы заң қабылдаған Грузия ЕуроОдаққа кіре алмауы мүмкін

Жарияланды 18 Қазан 2024 12:34

(жаңартылды 18 Қазан 2024 13:04)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
ЛГБТ насихаты
«ЛГБТ насихатына» қарсы заң қабылдаған Грузия ЕуроОдаққа кіре алмауы мүмкін / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Грузия «ЛГБТ үгіт-насихатына» тыйым салу туралы заңды қабылдағаннан кейін, елдің ЕуроОдаққа кіруіне тосқауыл қойылмақ. Бұл туралы ЕуроОдақ кеңесінің Брюссельдегі отырысында белгілі болды. Кеңес елдің Одаққа қосылу процесін тоқтатуы мүмкін екенін ескерткен.

«ЕуроОдақ кеңесі грузин халқының еуропалық даму жолына түсуіне қолдау көрсетуге дайын. Дегенмен Грузия үкіметінің Еуропалық Одақ құндылықтары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттері алаңдаушылық тудырады», – делінген құжатта.

Соңғы кезде қабылданған заңдардың әсерінен Грузияның Одаққа кіру процесі тоқтатылуы мүмкін. Еурокомиссия дипломаты Жозеп Боррельдің сөзінше, әңгіме «ЛГБТ насихатына» тайым салу туралы заң жобасына қатысты болып отыр.

Еуропалық кеңес алдағы уақытта Грузияда болатын парламенттік сайлаудың нәтижесін күтпек. Оның әділ әрі еркін болатынына сенім білдірген.

3 қазанда Грузия Парламентінің басшысы «ЛГБТ насихатына» қарсы «Отбасылық құндылықтар және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы» заңға қол қойған. Себебі оның алдына бұл заңды Грузия президенті қабылдаудан бас тартқан.

Сондай-ақ оқыңыз