Алматы қаласының орталығындағы кафеден өрт шықты

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media

Алматы қаласының орталығында өрт шықты. Мұқағали Мақатаев көшесінде орналасқан «Кунжут» кафесінің шатыры түтіндеген. Бұл туралы «Курсив» оқырмандары хабарлайды.

Оқиға орнына фото.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, кафенің 1-қабаттағы желдеткіш құбыры түтіндеген. ТЖД күштері мен құралдары кафенің шатырын ашып жатыр.

«ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы Мақатаев көшесі, 126 мекенжайына жұмылдырылды, хабарлама бойынша онда 1 қабатты кафенің желдеткіш құбыры түтіндеуде, шатыр конструкциялары ашу жұмыстары жүргізілуде», – деген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлардан кафені қою түтін орап жатқанын көруге болады. Бірнеше өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем келген.

@kursiv.media.kz

⚡️Алматы орталығында өрт шықты Kunjut дәмханасы Мақатаев — Наурызбай батыр көшесі қиылысында орналасқан. Өрт дәмахананың желдеткіш құбырынан басталған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, шатыр конструкцияларын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. #алматы#өрт

♬ оригинальный звук – kursiv.media.kz

Сондай-ақ департамент өрт сөндірушілер кафеге 12:25-те шығып, оқиға орнына 12:30-да жеткенін айтты.

P.S. ТЖД хабарлауынша, 12.52-те өрт оқшауланған. 13.18-де өрт толық сөндірілді. Өрт 280 шаршы метр аумақты қамтыды.

Сондай-ақ оқыңыз