Қырғызстан билігі елде орыс тілін сақтауға мүдделі екенін мәлімдеді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қырғызстан орыс тілі
Қырғызстан билігі елде орыс тілін сақтауға мүдделі екенін мәлімдеді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қырғызстан Республикасы өз аумағында орыс тілін сақтап қалуға назар аударып отыр. Бұл туралы Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен кездесуде Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров мәлімдеді.

«Конституциямызда орыс тіліне ресми тіл мәртебесі бекітілген. Әрқашан орыс тіліне ерекше құрметпен қараймыз», – деді Жапаров.

Қырғызстан премьері жазушы Шыңғыс Айтматов белгілі шығармаларын орыс тілінде жазғанын еске салды.

«Екі ел арасында білім беру саласында ынтымақтастық ілгерілеуде. Осы жылдар ішінде Ресей жоғарғы оқу орындарында Қырғызстан мен Ресейде де қызмет етіп жатқан білікті кадрлар дайындалғанынан атап өткім келеді», – деді Жапаров.

Қырғызстан Республикасының консутитуциясына сәйкес, орыс тілі ресми тіл деген статусы бар. Ал мемлекеттік тіл мәртебесіне қырғыз тілі ие. 2023 жылы елде бір топ депутаттың бастамасымен елде мемлекеттік ұйымдар қырғыз тіліне көше бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз