Мемлекеттік органдардың шамадан тыс араласуы электронды коммерцияның дамуына кедергі келтіреді – Рысалиева

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Электронды коммерция
Электронды коммерцияның дамуына не кедергі бар? / Фото: Илья Ким, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мемлекеттік реттеуші органдардың маркетплестер жұмысына шамадан тыс араласуы Қазақстандағы электронды коммерцияның дамуына кедергі келтіреді. Бұл туралы KURSIV ECOSYSTEMS форумы кезінде Ozon компаниясының Қазақстандағы басшысы Мөлдір Рысалиева айтты.

«Мемлекеттік реттеу туралы айтатын болсақ, қазір электронды коммерцияның даму қарқыны аса жоғары екенін ескеру қажет. Ол күнделікті дамып отырады. Мемлекеттік органдардың шамадан тыс реттеуге тырысуы электронды коммерцияның дамуына кедергі келтіреді», – дейді ол.

Рысалиеваның айтуынша, мемлекет электронды коммерцияның артуына мүдделі бола тұра реттеуші болғысы келеді және бірінші кезекте маркетплейстерді бақылау тетігіне ие болуды көздейді.

«Реттеуге қатысты талқылаулардың сорақы тұсы мұны заң жүзінде бекіткісі келеді. Мен бұған қарсымын. Себебі 2-3 жыл бұрын мәселені көтергенде заң жобасын жасап бастаған. Ол әлі талқыланып жатыр. Оны қабылдаған кезде тым кеш болады. Кеш қабылданған заң электронды коммерцияны шектейді», – дейді Ozon басшысы.

Ол дәл қазір электронды коммерцияның жұмысына кедергі келтіріп жатқан ешқандай барьердің жоқ екенін атап өтті. Маркетплейстер үшін қазіргі басты проблема логистикалық инфрасруктураның осал болуы.

«Яғни жолдар нашар. Қазақстанда бірінші кезекте соны жөндеу керек. Былтыр жыл бойы содан зардап шектік. Авиа жеткізулер жасай аламыз, бірақ тауардың бағасына әсер етеді. Сондықтан бірінші кезекте жолды жөндеп, қолайлы баға ұсынғымыз келеді», – дейді Рысалиева.

Алматыда өтіп жатқан KURSIV ECOSYSTEMS FORUM-ды онлайн көре аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз