Түркия әуежайларында теракт қаупіне байланысты жаппай тексеру басталды

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің редакторы
Түркия әуежайлары, Стамбул әуежайлары
Түркия әуежайларында жаппай тексерістер басталды / Фото: granitas.com

Түркия әуежайларында қауіптің орта деңгейдегі қызғылт сары түсін жариялады. Қазір әуежайларда жаппай тексеру жұмыстары басталған.

Hürriyet басылымының ақпаратына сүйенсек, тексеру жұмыстары, әсіресе, Ыстанбұлдағы жаңа халықаралық әуежай мен Сабиха Гекчен әуежайында күшейтілген. Басылым тексеру жұмыстарының басталуына Анкара маңындағы әскери нысанға жасалған шабуыл себеп болғанын жазады.

Әуежайларға кіру-шығу жолдарында әрбір транспортта тінту жұмыстары жүреді. Жолаушылардың жеке заттары тексеріліп, жеке бас мәліметтері қарала бастаған.

Сабиха Гекчен атындағы әуежайдың таратқан хабарламасына сәйкес, жолаушыларға рейстердің уақытында ұшып, оған кешігу факторы болмас үшін әуежайға ұшудан үш сағат бұрын келу ұсынылған.

Ыстанбұлдағы куәгерлердің айтуынша, кеше кешкі уақытта қалада әскери адамдардың жүргенін көрген. Теракт болғаны туралы хабардан кейін, әуежайда тексеріс жұмыстары басталған. Өзге елден келген жолаушыларды арнайы құрылғылармен тексеріп шыққан.

Айта кетейік, 23 қазан кешкі уақытта Түркия астанасы маңында жарылыс болып, 5 адам қаза тауып, 22 адам жараланған. Turkish Aerospace Industries әскери өнеркәсібі орналасқан жерге бір еркек пен әйел жарылғыш зат қойып, жарылыстан кейін атыс басталған. Шабуылдаған екі адам да қайтыс болған. Түркия билігі терактіге радикалды Күрд жұмысшылар партиясының қатысы бар деп, олардың Ирак пен Сириядағы нысандарына шабуыл жасаған.

Сондай-ақ оқыңыз