Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай көлемін азайтатыны туралы ақпаратты Энергетика министрлігі терістеді
Қазақстан Германияға тасымалданатын мұнай көлемін қысқартқан жоқ. Энергетика министрлігі осыған қатысты ақпаратты терістеді.
Бұған дейін Reuter басылымы Германияға мұнай экспорты 11%-ға қысқарғанын жазды. Яғни осы айда 145 000 тоннадан 133 000 тоннаға дейін қысқарады делінген агнеттік ақпаратында.
Энергетика министрлігі келісімшарт бойынша 2024 жылы 1,2 млн тонна мұнай жеткізбек. Тоғыз айдың ішінде 1,1 млн тонна мұнай тасымалдаған.
«Қыркүйек айында 145 мың тонна, қазан айында 133 мың тонна жеткізілді. Осылайша, жеткізу көлемдерінің қысқаруы байқалмайды. 1,2 миллион тоннаны 12 айға бөлгеннің өзінде айына 100 мың тоннадай болып шығады», – деп түсіндірді министрлік.
2024 жылдың қаңтар-сәуір аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 420 мың тонна мұнай жеткізген. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 330 мың тоннаға артық болып шықты.