Израиль шабуылынан кейін, Иран әуе қатынасын қайтадан жандандырды

Жарияланды (жаңартылды )
Израиль шабуылдағанда, Ресейдің азаматтық авиация ұшақтары Иран үстінен ұшқан/ фото: kursiv.media

Иран әуе қатынасын қайтадан жандандырды. Бұл жөнінде Азаматтық авиация ұйымының өкілі Жафар Йазерлу мәлімдеді.

Бүкіл ел бойынша тоқтатылған рейстер 26 қазан күні таңғы сағат 9:00-де қалпына келтірілді.

Сенбі, 26 қазанға қараған түні, Израиль шабуыл жасағаннан кейін, кейбір елдер рейстер уақытын өзгерткен. Иран мен Ирак әуе кеңістігін жапты. Тегеран сағат 9:00-ге дейін рейстерді тоқтатқанын мәлімдеді.

Uzbekistan Airports баспасөз қызметі Иран арқылы ұшатын рейстердің кешіккенін хабарлады. Ташкенттен ұшып, Кувейтке 04:50-де қонуды жоспарланған Jazeera Airways J9-1650 рейсі бойынша жолаушылар кері оралды. Fly Dubai ұшағы Ташкент-Дубай бағыты бойынша FZ-1942 рейсі бойынша ұшақ 04:58-де көтеріліп, Ташкент уақытымен 06:58-де Ашхабадтағы қосалқы аэродромға қонуына тура келді.

Flightradar сервисінің деректері бойынша Израиль шабуыл жасаған кезде Ресейден Шарж, Абу Даби, Дубай қалаларына аттанған бес ұшақ Иран аспанында болған.

26 қазанға қараған түні Израиль Иранның үш провинциясындағы, соның ішінде Тегерандағы әскери нысандарға зымырандарды бағыттады.

Сондай-ақ оқыңыз