Қуандық Бишімбаевтың анасынан 100 млн теңге алған Людмила Грачева 10 жылға сотталды

Жарияланды
Женщину, которая обещала смягчить приговор Бишимбаеву за 100 млн тенге, осудили на 10 лет
Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп пара алған Людмила Грачева сотталды/фото: kursiv.media мұрағаты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «алаяқтық жасауға оқталды» және «аса ірі мөлшерде пара берді» деп айыпталған Людмила Грачеваға қатысты осындай үкім шығарды. Сот алқабилердің қатысуымен өтті.

Сотталушы 2024 жылдың мамыр айында «Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету үшін апелляциялық сатыға пара беруге болады» деп Әлмира Нұрлыбекованың үйіне келіп, 100 млн теңге сұраған. Соттың пікірінше, ол  аса ірі мөлшерде ақшаны иемденіп кетуді көздеген.

Сол күні кешке Қуандықтың анасын әңгімеге тартып, иландырып, қомақты қаражатты қалтасына басып алған. Бірақ антикордың әшкерелеуіне байланысты жымысқы ойы жүзеге аспай қалған.

«Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Куәгерлердің куәліктері, сараптама қорытындылары, бейнежазба және басқа да материалдар айғақ болды», – делінген сот хабарламасында.

Прокурор Людмила Грачеваны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Десе де, сотталушы кінәсін мойнына алған жоқ. Адвокаттары оны ақтауды сұрады.

Сот сотталушының жас балалары бар екенін, қылмысты ауырлататын жағдайлардың жоқтығын ескеріп, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заң күшіне енген жоқ.

Мұның алдында Грачева Бишімбаевтың анасына алқа билерді сатып алуды ұсынып, қылмыс жасауға итермелегені туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз