Финляндия билігі ресейлік активтерді бұғаттады

Жарияланды
Хельсинкидегі Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы орналасқан жер телімі де бұғатталыпты/фото: Gettyimages.ru

Хельсинки аймақтық соты украиналық «Нафтогаздың» және басқа да компаниялардың өтініші бойынша Финляндия аумағындағы Ресейге тиесілі жылжымайтын мүліктерді және басқа да активтерді бұғаттады. Бұл туралы RT хабарлады.

«Гаага шешімімен қарастырылған қаржыны «Нафтогазға» ерікті түрде төлеуден бас тартқандықтан, біз оларды өтеу үшін барлық тетіктерді қолдана береміз», – делінген компанияның хабарламасында.

Тағы бір дерек көзіне қарағанда, Хельсинкидегі Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы орналасқан жер телімі де бұғатталыпты.

Сонымен қатар, Финляндияның премьер-министрі Петтери Орпи Ресей азаматтарының виза алуына қойылатын талаптарды қайта қарау керек екенін айтып отыр.

Мұның алдында Еуроодақтың Ресейдің бұғатталған активтерінен түскен табыстан Украинаға 1,5 млрд еуро көмек жібергені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз